Басты жаңалықтар

Қала маңы қараусыз қалмайды

Ақтөбе қаласының әкімі Архимед Мұхамбетов қала маңындағы елді мекендердің тұрғындарымен бірнеше кездесулер өткізді. Ол Заречный-4 поселкесі тұрғындарының жиынына қатысты, ал өткен жексенбіде Ақжар-2 тұрғындар массивінің тұрғындарын мекен іргетасы қалануының  бес жылдығымен құттықтады.

Қарғалы селолық округіне қарасты Заречный-4 елді мекені тұрғындарының жиынында қала әкімі әлеуметтік-маңызды мәселелер туралы айтып, көктемде алға қойылған жоспарлардың іске асуының нақты мысалдарын көрсетті. Ақтөбе қаласында селолық елді мекендерде және жеке тұрғын үй құрылыс аудандарында инженерлік желілер, жолдар және білім беру объектілері құрылысы бағдарламасы әзірленгендігі белгілі.

Осылайша, өткен тендердің нәтижесімен анықталған мердігер ұйым – «КТП» ЖШС Заречный-4 елді мекенін сумен қамтамасыз ету желісінің құрылысына кірісуде. Бұл мақсатқа бюджеттен 141 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінді. Қала әкімі жұмыс барысына және құрылыс материалдарының сақталуына бақылау жасау үшін «КТП»ЖШС басшысы Ян Вишенин мен Қарғалы селолық округінің әкімі Темірбек Нұртазинге бастамашыл топ құруды тапсырды.

Екінші маңызды мәселе – электр қуатымен қамтамасыз ету болатын. Қолда бар желілер ведомостволық стансаға жалғанған, кәсіпорындар мен тұрғындар қуат көзінің жетіспеушілігін сезінуде. А.Мұхамбетов «ХХІ Энергосервис» ЖШС басшылығына тұрғындарға берген ескертулерін қайтаруларын және оларды стансадан айырмауды сұрады. Сондай-ақ «Энергожүйе» ЖШС директорының орынбасары Марат Аманғалиевке Заречный-4  ауданындағы электр желілерін фазаға бөлуді жүргізу мәселесін қарау тапсырылды. Біртіндеп стансаны 2012 жылы жөндеу мәселесі де шешімін таппақ. Бұл үшін 64 млн. теңге қажет.

Мектеп құрылысы туралы ақпарат жақсы жаңалық болды. Қала әкімдігі қазіргі таңда министрлікпен 2012 жылы Заречный-4 аумағында 1000 орындық мектеп салу мәселесін қарастыруда.

Кездесу барысында қала әкімі Жиембет жырау көшесіне тас төселген жабынды жүргізу және де мектеп құрылысы жоспарланып отырылған көшені асфальттау бойынша құжаттарды дайындау жөнінде қызмет басшыларына нақты тапсырмалар берді.

А.Мұхамбетов №19 бағыттағы жолаушылар көлігінің жүру жиілігіне, жұмыс кестесіне сараптама жасауды және ескертулерді жаңа тендер өткізу кезінде ескеруді, сондай-ақ аялдама павильондарын орнатуды тапсырды. Сонымен қатар, аталған ауданда үйлерге нөмір беру мәселесін шешудің де қажеттілігі туындап отыр.

Ақжар-2 елді мекеніндегі мерекеде қала әкімі поселкенің одан әрі дамуы мен көркеюі жөніндегі жоспарларын бөлісті. Бүгінгі күні поселке электр қуатымен қамтамасыз етілген. Газ құбырларын тартудың екінші кезеңі аяқталуға жақын. Поселкенің көп бөлігі сумен жабдықталған, сондай-ақ су құбырлары желілерінің екінші кезеңінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Жұмыстар ағымдағы жылы басталады.

Аталған поселкенің дамуына және балалар санының артуына байланысты қазіргі таңда орта мектеп құрылысының жобасын өзгерту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Оның ауқымы ауысымына 320 орынды құрайды. Бұл мәселе министрлікте қаралуда. Сондай-ақ медициналық бекеттің құрылысына да жер учаскесі бөлінген.

2012 жылы поселкедегі жолдардың құрылысы басталады. Ал әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, соның ішінде дүкендер, шаштараздар, моншалар, шеберханалар салуға тұрғындардың өздері ынта білдіріп, өз поселкелерінде кіші бизнес объектілерін дамытулары тиіс. Поселкенің болашағы жақсы, осыған байланысты мұнда тұруға және бизнеспен айналысуға мүмкіндіктер көп.

Қала әкімі жақын аралықта Ақтөбе қаласының тағы да кейбір қала маңы елді мекендері тұрғындарының жиындарына қатысуды жоспарлап отыр.

 

Д. НҰРОВ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button